Кәсіпқой бокс • 04 Наурыз, 2022

Сергей Ковалев шаршы алаңға мамыр айында оралады

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі әлемнің бұрынғы чемпионы, ресейлік Сергей Ковалев шаршы алаңға мамыр айында оралатын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сергей Ковалев шаршы алаңға мамыр айында оралады

Сергей Ковалев 14 мамыр күні Лос-Анджелесте ұйымдастырылатын бокс кешінде рингке шығады. Бұл күні ол қытайлық былғары қолғап шебері Мэн Фаньлунмен жұдырықтасады. Жекпе-жек аралық салмақта өтеді. Бокс кешін ұйымдастырушы Triller Fight Club промоутерлік ұйымы бастапқыда Ковалев Фаньлун кездесуін 12 наурызға жоспарлаған болатын. Алайда кейін шешімді өзгертуге тура келді.