Жекпе-жек • 04 Наурыз, 2022

Сауль Альваресті мен тоқтатамын – Камару Усман

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі UFC чемпионы Камару Усман 2022 жылы екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы, мексикалық кәсіпқой боксшы Сауль «Канело» Альвареспен жұдырықтасатынына сенімді, деп хабарлайды Egemen.kz Fightnews.info-ға сілтеме жасап.

Сауль Альваресті мен тоқтатамын – Камару Усман

«2022 жылы мен жаһан жанкүйерлерін таң қалдырғалы жүрмін. Жаз мезгілінде Леон Эдвардсқа қарсы октагонға шығамын. Аталмыш жекпе-жекте жеңіске жеткен жағдайда қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареске қарсы шаршы алаңға шығуды жоспарлап отырмын. Жекпе-жек Мексиканың тәуелсіздік күні мерекесімен тұспа-тұс келеді. Бұл шайқаста өзімнің жеңіске жететініме ешқандай күмәнім жоқ. Қысқасы, Альваресті мен ғана тоқтататын боламын», деді аралас жекпе-жек шебері өз ойымен бөлісіп.

Естеріңізге сала кетейік, 7 мамыр күні Сауль Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен жұдырықтасады, ал қазақстандық Геннадий Головкин 9 сәуір күні жапониялық Риота Муратамен шаршы алаңда кездеседі. Екі боксшы қарсыластарын жеңген жағдайда қыркүйек айында шаршы алаңда үшінші рет жұдырықтасуға ниетті. Өйткені, келісімшартта солай көрсетілген. Соған қарағанда Камару Усманның сөзі бос сандырақ секілді.