Қаржы • 05 Наурыз, 2022

Қазақстандықтар брокерлік шоттарды көбірек аша бастады

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпан айында Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелген қосалқы шоттардың саны 293 мыңнан асты. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 30,8 %-ға артық, деп хабарлайды Egemen.kz forbes.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар брокерлік шоттарды көбірек аша бастады

Мысалы, 2021 жылдың екінші жартыжылдығында шоттар саны небәрі 18,9%-ға өскен. Қосалқы шоттардың көпшілігі жеке тұлғаларға арнаған. 1 ақпаннан бері олардың саны 69 мыңға көбейген. 

«Жеке клиенттердің базасын ұлғайту үшін брокерлер цифрландыру құралдарын белсенді түрде пайдалануда. Бұл құралдар биометриялық деректерді пайдалана отырып, клиенттерді қашықтан сәйкестендіруге және олар үшін онлайн режімде, соның ішінде басқа ұйымдардың дерекқорларымен біріктіру арқылы жеке шот ашуға мүмкіндік береді», деп түсіндіреді Орталық депозитарийдің басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов. 

Айта кетсек, кейінгі айларда 18-24 жас аралығындағы брокерлік шот иелерінің саны екі есеге өсіп, 50 мыңнан асты. Ақпан айында жас инвесторлардың үлесі 17,8%-ды құраған. Бұл қаңтар айымен салыстырғанда 6,5%-ға артық. 

Кәмелетке толмағандардың атына ашылған делдалдық шоттар да бар, алайда олардың үлесі әлі де 0,1%-дан аспайды.