Оқиға • 05 Наурыз, 2022

Жамбыл облысында екі жасар баланы пойыз қағып кетті

448 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында екі жасар бала теміржол бойына жүгіріп шығып, пойыз астына түсті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.



Жамбыл облысында екі жасар баланы пойыз қағып кетті

Қайғылы оқиға 4 наурыз күні, сағат 17:52-де Жамбыл облысы, Малдыбай стансасында болған. Оқиға кезінде сәби қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз жүрген. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың отбасы теміржолға жақын жерде тұрады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баланың жақындарына қайғыра көңіл айтады. Жол қызметкерлері балаларды теміржол, вокзал перрондарында қараусыз қалдырып кетудің қаншалықты қауіпті екенін еске салады», деді компаниядан.