29 Наурыз, 2014

Солтүстік Осетия дәрігерлері мидағы ісікті наркоз қолданбай алып тастады

491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29 03 - OperacyaСолтүстік-Кавказ медицина орталығының дәрігерлері мидағы ісікті наркоз қолданбай алып тастады. Бұл туралы Lifenews.ru хабарлады. Ота жасау кезінде 44 жастағы Иса Абдуллаев ес-түсін біліп жатқан. Ал бес күннен кейін ол ауруханадан шығарылып, үйіне жіберілді. Небәрі 12 минутқа созылған отаны 10 білікті медицина қызметкері жасады. «Біз бұл ісікті қалай алып тастау керектігі жөнінде жоспар құрдық. Ота жасау кезінде нейронавигация жүйесі қолданылды. Ол ісікті дәл тауып алуға мүмкіндік береді», – дейді медицина орталығындағы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Азамат Дедегкаев. Мұндай ота аталмыш медицина орталығында алғаш рет жасалып отыр.Дәрігерлер алдағы уақытта да осы тәсілмен сырқат жандарға жәрдем көрсететін болады. Айдар Өрісбаев. Дереккөз: Lifenews.ru. Фото: Trend.az.