Өткен жұма күні Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қала әкімдігінің қызметкерлерімен, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдерімен кездесіп, жағымды жаңалығын жеткізді. Ол Қызылорда қалалық әкімдігінің жаңа ғимаратқа көшуі болатын. Бұл туралы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Балдырған Мәмен хабарлады.
Облыс әкімдігінің жаңа ғимаратқа көшуіне байланысты жарты ғасырлық тарихы бар облыс әкімдігінің бұрынғы ғимаратына қала әкімдігі, қалалық мәслихат орналасатын болды. Бұл ғимарат өңір тұрғындарына қатысты талай маңызды шешімдер қабылданған құтты мекен.
Мемлекеттік органдардың ішінде жүгі ауыр саланың бірі – қала әкімдігі. Тұрғындардың күнделікті тыныс-тіршілігінің қалыпты деңгейде әрі үзіліссіз жүргізілуі қала әкімдігі мен әкімдікке қарасты құрылымдардың қызметіне тікелей байланысты. Бұл орайда, облыс әкімі қала әкімдігіне ұдайы қолдау көрсетілетінін айтып, жаңа ғимаратта абыройлы қызмет етуге тілек білдірді.
Сонымен, бүгіннен бастап Қызылорда қаласының әкімдігі жаңа ғимаратқа көшті.
Әмірхан Алмағанбетов
Дереккөз: Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі.
Фото: www.Wikimapia.org.
• 29 Наурыз, 2014
Қызылорда қаласының әкімдігі жаңа ғимаратқа көшті

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше