Жекпе-жек • 08 Наурыз, 2022

Рафаэль Дос Аньос Конор Макгрегормен кездескісі келетінін айтты

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

37 жастағы бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Рафаэль дос Аньос UFC 272 турнирінде Ренато Карнейроны жеңгеннен кейін октагонда кіммен кездескісі келетіні туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рафаэль Дос Аньос Конор Макгрегормен кездескісі келетінін айтты

«Конор Макгрегордың жазда октагонға оралғысы келетіні туралы хабарды құлағым шалды. Жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық шайқас жоспарланып қойғанын ескерсек, екеуміздің жекпе-жегіміз жанкүйерлер үшін тамаша тарту болмақ. Бәрін уақыт көрсетеді. Мен белсенді болғым келеді. Аты бар спортшылармен кездескен ұнайды. Конорға қарсы шайқас үлкен табыс әкелетіні сөзсіз. Өйткені жекпе-жек әлемінде екеуміздің де өз тарихымыз бар», деді ол өз ойымен бөлісіп.