30 Наурыз, 2014

Словакиядағы президент сайлауында Киска жеңді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

0-kiska-1

Бүгін, 30 наурыз күні Словакияда өткен президент сайлауында тәуелсіз кандидат Андрей Киска жеңіске жетті. Бұл туралы ВВС хабарлады. Жаңа мемлекет басшысы болғалы тұрған үміткердің негізгі қарсыласы – Словакияның қазіргі премьер-министрі Роберт Фицо дауыс берудің ақырғы нәтижелері жарияланбай тұрып-ақ өзінің жеңілгенін мойындады. Қазірге дейін сайлау учаскелерінің 96,77 пайызының мәліметтері белгілі болып отыр. Оның қорытындысы белгілі словак филантропы және кәсіпкер Андрей Кисканың сайлаушылардың 59,45 пайыз дауысын алғанын анықтап берді. Екінші орындағы қазіргі іс басындағы премьер-министрі және билеуші Smer-SD демократиялық партиясының  төрағасы Роберт Фицо 40,54 пайыздық дауысқа қол жеткізді. Саясаттағы жаңа адамның жеңіске жетуінің словак қоғамында символдық мәні бар. Егер Фицко жеңіске жетсе, онда бүкіл билік орынтақтары бір партияның қолына көшер еді. Ал Киска өз кезегінде сайлау алды уәделерінің бәрін орындайтынын қадап айтты. Еске сала кетейік, сайлауға барлығы 14 үміткер қатысты. Мұрат Айтқожа. Дереккөз: ВВС. Фото: ВВС.
Соңғы жаңалықтар