Футбол • 08 Наурыз, 2022

Левандовский Ресеймен қарым-қатынасы бар компания қызметінен бас тартты

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Германиялық «Бавария» футбол клубының шабуылшысы Роберт Левандовский қытайлық «Huawei» компаниясымен келісімшартын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Левандовский Ресеймен қарым-қатынасы бар компания қызметінен бас тартты

Деректерге сенсек, польшалық футболшы ұлыбританиялық Daily Mail басылымында жарияланған мақаланы оқығаннан кейін осындай шешімге келген. Мақалада қытайлық компанияның Ресейге кибер шабуылдардан қорғануға көмектесіп жатқаны жазылған болатын.  

«Бүгін біз Роберт Левандовский мен «Huawei» компаниясы арасындағы келісімшарттан бас тартқанымызды хабарлаймыз. Біздің тараптан барлық жарнамалық міндеттемелер осы сәттен бастап тоқтайтын болады», деп хабарлады польшалық шабуылшының менеджері Томаш Завишлак.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20