Қысқы спорт • 08 Наурыз, 2022

Герлицтің жүлдесі Қазақстанды он сегізінші орынға шығарды

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында бір қола жүлде еншілеген Қазақстан құрамасы рейтингте әзірге он сегізінші орында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Герлицтің жүлдесі Қазақстанды он сегізінші орынға шығарды

Әзірге қоржынымызға жалғыз қоланы биатлон шебері Александр Герлиц түсірген болатын. Ұлттық құрамалар рейтингінде Қытай көш тізгінін қолға алса, екінші орында Украина, үшінші орында Канада құрамалары орналасқан. Үздік бестікті Жапония мен Франция құрамалары түйіндеген.