Әлем • 09 Наурыз, 2022

Ханзадалар Байденмен сөйлесуден бас тартты

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақ үйдің АҚШ Президентін Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мұрагер ханзадаларымен телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыру әрекеті сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ханзадалар Байденмен сөйлесуден бас тартты

Wall Street Journal Ақ үйдегі жоғары лауазымда отырған дереккөзге сүйене отырып, Президент Байден Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман және Абу-Даби Мұхаммед бен Заид әл-Нахайянмен мұнай нарығындағы жағдайды және бензин бағасы жайлы сөйлескісі келгенін жазды. 

Әңгіме барысында Украинаны халықаралық аренада қолдау мәселесі талқылануы керек еді. 

Президент әкімшілігі қанша тырысқанымен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыру мүмкін болмады.

Wall Street Journal есебіне сәйкес, Байден мен мұрагер ханзадалардың қарым-қатынасы жақсы емес. Сауд Арабиясының ханзадасы Вашингтонның Йемендегі соғысқа қатысты ұстанымына көңілі толмайды. Бұл бір ғана мысал.