Жекпе-жек • 09 Наурыз, 2022

Мен екі салмақта әлем чемпионы атанамын – Ислам Махачев

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев UFC-де бір емес, екі салмақта әлем чемпионы атанғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Мен екі салмақта әлем чемпионы атанамын – Ислам Махачев

«Мен Хорхе Масвидаль мен Колби Ковингтон арасындағы жекпе-жекті тамашаладым. Шынымды айтсам, мен ол екі спортшыны бір күнде жеңе аламын. Қысқасы, екеуінің кездесуі көңілімнен шықпады. Колби тек күресе алады. Ал мен күрес жағынан одан жоғарымын. Сондықтан оны жеңу маған мәселе емес. Колбидің қимылы да өте баяу. Ал Масвидаль қартайып қалды. Ол әрі кетсе бір-екі кездесу өткізіп, кәсіби мансабын аяқтайды. Ал мен келесі салмаққа көтеріліп, екі салмақта әлем чемпионы атағына қол жеткізуге әзірмін», дейді Ислам Махачев.  

Махачев әзірге бір салмақта да әлем чемпионы атанған жоқ. Келесі салмаққа көтерілу үшін алдымен жеңіл салмақта топ жаруы керек.