Жаңа салмақта бақ сынайтын Сергей Ковалев болгариялық Тервел Пулевпен қолғап түйістіретін болды. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек он раундтық форматта өтеді деп жоспарланған.
Ресейлік боксшы соңғы рет 2019 жылдың қараша айында шаршы алаңға көтеріліп, мексикалық Сауль «Канело» Альварестен нокаутпен жеңілген болатын. Енді араға екі жарым жыл салып, шаршы алаңға қайта оралуға бекініп отыр.