Кәсіпқой бокс • 09 Наурыз, 2022

Головкиннің бұрынғы бапкері «Канелоны» кімдер жеңе алатынын айтты

1223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері, мексикалық маман Абель Санчес екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альваресті кімдер жеңе алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Головкиннің бұрынғы бапкері «Канелоны» кімдер жеңе алатынын айтты

«Менің ойымша Сауль Альваресті жеңуге мүмкіндігі мол үш боксшы ғана бар. Олардың бірі – жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Артур Бетербиев. Артурдың денесі мығым, соққысы жойқын әрі төзімді. Оны тоқтату өте қиын. Сонымен қатар Давид Бенавидес пен Геннадий Головкин де «Канелоны» жеңе алады. Алайда Геннадий бұрынғыдай спорттық бабына келсе ғана Сауль Альваресті жеңе алатынын айта кеткен ләзім», деді мексикалық бапкер YouTube-тағы арналардың біріне берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар