Бүгін, 31 наурыз күні Бас прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен ведомствоның кадр саясаты мәселесіне байланысты жиын өткізілді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Бейнежелі арқылы өткізілген жиынға Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқарма басшылары мен аймақтық прокуратура өкілдері қатысты.
Бас прокурор А. Дауылбаев атап өткендей, прокуратура органдарында істейтін кадрлардың іскерлік қабілеті жоғары болып, адамгершілік қағидатына сына түсірмеуі тиіс. Жиында мәлім болғанындай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша екі бағдарламалық құжат – «Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы» мен «Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» әзірленген. Онда барлық құқық қорғау органдарының кадр саясатын кезең-кезеңмен жетілдіру көзделді.
Қазіргі кезде кадрларды іріктеу мен орналастырудың, жас мамандарды үйретудің, қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен оларды әлеуметтік қорғаудың, сапалы резервті қалыптастырудың, басшылардың жауапкершіліктерін күшейтудің, жеке құрам арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың өзекті мәселелері күн тәртібінде тұр. Ол бойынша құқық қорғау органының абыройына нұсқан келтірген әрекеттерге шара қолданылады.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Фото: www. Matritca.kz.
• 31 Наурыз, 2014
Бас прокуратурада кадр саясаты мәселесіне байланысты жиын өтті

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?
Қазақстан • Кеше
22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Кеше
Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті
Олимпиада • 21 Ақпан, 2026
Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты
Спорт • 21 Ақпан, 2026
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Президент • 21 Ақпан, 2026
Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • 21 Ақпан, 2026
Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • 21 Ақпан, 2026
Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады
Аймақтар • 21 Ақпан, 2026