Аймақтар • 09 Наурыз, 2022

Қаңтар оқиғасы: Алматыда қанша іс қозғалды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының соттарына қаңтар оқиғаларына байланысты 82 қылмыстық іс келіп түсті. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қаңтар оқиғасы: Алматыда қанша іс қозғалды

Қалалық сот ұсынған мәліметке қарағанда, 41 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, тағы 41-і қарау сатысында.

«Келіп түскен қылмыстық істердің негізгі бөлігі ҚР ҚК 188 - бабы 3-бөлігі «Тұрғын үйге, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кіру арқылы ұрлық жасау» бойынша қаралады», деп атап өтті Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Оның айтуынша, ең көп іс Алмалы және Әуезов қылмыстық соттарына түскен. Ұсталғандар өз кінәсін мойындап, келтірілген материалдық залалды өз еркімен өтейді.

Сондай-ақ, соттар кәмелетке толмаған балалардың немесе қарт ата-аналардың асырауындағы күдіктілердің болуын, олардың кейбіреулерінің бірінші рет қылмыс жасағанын және жағымды сипаттамаларын ескеріп, пробациялық бақылау орната отырып, үкім шығарады.

Кінәлілердің көпшілігі 2-ден 4 жылға дейін бас бостандығын шектеуге, 100 сағаттық мәжбүрлі жұмысқа сотталды. Олардың көпшілігі жастар мен жұмыссыздар. Олар тұрмыстық техниканы, заттарды, алкогольді ішімдіктерді, ұялы телефондарды, компьютерлік техниканы қолды қылған.