Қаржы • 09 Наурыз, 2022

Жеке тұлға банкроттығы: Сарапшылар қай талапты қолдайды?

280 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Үш жыл шетелге шыға алмайсыз. Бес жыл бойы бірде-бір банктен несие рәсімдемейсіз. Тағы да толып жатқан шектеулері бар жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң қызу талқыға түсіп жатыр. Егер сіздің несие қарызыңыз 1 600 АЕК-тен асып кетсе, банкроттық заңына жүгінуге болады.

Жеке тұлға банкроттығы: Сарапшылар қай талапты қолдайды?

Коллажды жасаған Амангелді Қияс, «ЕQ»

Мемлекеттік кірістер коми­теті төр­ағасының орынбасары Қайрат Миятовтың айтуынша, қан­шама шек­­теуге қарамастан азамат­тар­ға мүм­кіндік беру тетіктері қарас­тыры­лады. Оның ішінде оқыту және еңбек қызметін жүзеге асыру бойынша шетелге шығу негізі де бар.

«Кепілде тұрған жалғыз тұр­ғын үйді сату кезіндегі ерекшеліктерді де қарастырамыз. Борышкердің қар­жылық басқарушылардың қыз­меттерін төлеуге қаражаты болмайды деген қауіп бар. Сондықтан мемлекет қолдауына мұқтаж борышкерлер­дің жекелеген санаттары бойын­ша сот банкроттығы кезінде қаржы­лық басқарушылардың қызметтерін мем­лекеттік бюджеттен төлеу мүм­кіндігін қарастыру ұсынылуда. Келесі ұсыныс – борышкерді банкроттықтың басталғаны туралы несие берушілер­ге хабарлауға міндеттеу. Бұл ұсы­ныс та қолдау тапты, ол заң жобасында ескеріледі. Тағы бір ұсыныс – банкроттық кезіндегі алаяқтық әре­кеттер үшін жауапкершілікті кү­шей­ту. Уәкілетті органның банк­рот­­тықтан кейін 3 жыл бойы жеке тұл­­ғаның қаржылық жағдайына мо­ни­­торинг жүргізу міндетін қарас­тыруы ұсынылды. Соның ішінде са­­лық декларациясының деректері негі­зінде», дейді Қ.Миятов.

Сондай-ақ сот рәсімінде қаржы басқарушыларын тағайындау жө­ніндегі міндетті уәкілетті органға жүктеу, құжаттамалық аяқтау тәрті­бін көздеу ұсынылып отыр. Соңғысы бойынша электронды үкіметтің веб-порталында да автоматты режімде электронды хабарлама жасалады, ол банкроттық рәсімінің 6 айы аяқ­талғаннан кейін борышкерге және кредиторға жіберіледі. Жеке тұлғаның банкрот болғаны туралы ақпарат банкроттық рәсімі аяқталған соң 7 жыл бойы электронды үкімет пор­талы мен Мемлекеттік кредит бюросында сақталып тұрмақ.

«Бастапқы кезеңде 0,3 АЕК мөл­шерінде мемлекеттік баж қарастыру қажет. Біз бұл ұсынысты да қолда­дық. Бұдан басқа, сот банкротты­ғы рәсімінде бітімгершілік келісім жасасу мүмкіндігін көздеу ұсынылды. Бұл ұсыныс та қолдау тапты. Іс жү­зінде қолданылғаннан кейін заң­ды жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс та бар. Атап айтқанда, кредиторларға сот банкроттығын бастау құқығын беру. Бұдан басқа, заңды шетелдіктерге, қандастарға және Қазақстанда тұрақты тұратын жері бар адамдарға қолдану. Жұмыс тобының мүшелері басқарушы ла­уазымдарға орналасуға тыйым салу­ды, оның ішінде заңды тұлғаның құ­рыл­тайшысы, акционері болуды немесе мемлекеттік ұйымдардағы қыз­метті шектеуді ұсынды. Креди­тор­лардың отбасы мүшелерінің мүлкі тура­лы мәліметтер алу құқығын көз­деу ұсынылды. Мұнда бастапқы кезең­де қаржылық басқарушыларға осын­дай мүмкіндік беру және оның іс жү­зінде қалай жұмыс істейтінін көру ұсы­нылып отыр», дейді комитет өкілі.

Экономист Рахым Ошақбаев заң қазіргі редакциямен жұмыс істе­мейді. Онда бір-біріне қарама-қайшы келетін бірнеше лобби бар дейді.

«Себебі үшінші және төртінші бапта борышкерлердің басым бөлігі банкроттық рәсіміне кірмеуі үшін бірнеше тиімді кедергі белгі­ленген. Біріншіден, үшінші бап­тың бірін­ші тармағында борышкерге қойыла­тын талаптар бар – атқару­шы­лық іс жүргізу және қарызды өнді­ріп алу туралы талап қою бойын­ша сот қоз­ғаған іс жоқ. Егер сот орын­­дау­шы­лары палатасының статис­ти­ка­сын қарасаңыз, соңғы 3 жыл­да ат­қа­ру­­шылық іс жүргізулер саны 1 млн-нан асып, өсіп келе жатқа­нын бай­­­қайсыз. 2018 жылы – 2,8 млн, 2019 жылы – 3,9 млн, 2020 жылы 5,1 млн-нан астам. Бұл адамдардың бар­­лығы соттан тыс тәртіпке шығу мүм­­кі­н­дігінен айырылады. Банк лоб­биі­­нің өкілдері анық жазған төр­тін­ші бап берешекті өндіріп алу, кол­лек­­­тор­лық агенттік пен кредитор­лар ара­сында жасалған талаптарды бас­қаға беру туралы шарттар бойын­ша міндеттемелерді айқын бө­ліп көрсетеді, яғни коллекторлық банк­тердің бүкіл жиынтығы – микро­қар­жы ұйымдары – егер міндет­темелер оларды орындау мерзімі басталған күннен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, соттан тыс банкроттық рәсіміне өтініш беру мүмкін емес дейді. Жүйе көптеген жыл бойы банк­тік лоббидің пайдасына қарай жасал­ды және қазір бұл жағдай сақ­талып отыр», дейді экономист.

Тәуелсіз қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев банкрот болғысы келе­тіндер және болғандар саны көбей­се, бұл басқа борышкерлер үшін тәуекелді арттырып жіберетінін жеткізді. Яғни несие қымбаттайды. 

«Банкроттық рәсімін жеңілдетуге түбегейлі келіспеймін, өйткені қарыз алушыда басқа кірістер болмаған кезде банкроттық соңғы рәсім болуы керек. Көбіміздің банкроттық рәсімін белгілі бір есептен шығару процедурасы ретінде қабылдағымыз келеді. Сонымен қатар жалғыз тұрғын үйді қалдыру керек. Біз – әлеуметтік мем­лекетпіз. Соңғы тұрғын үйді тартып алуға болмайды. Несиені адал ниетпен төлейтіндер бар, олар өтей алады, бірақ банкроттардың көп болуына байланысты тәуекелдер үлесі артады. Яғни несиелер қымбатқа түседі. Сондай-ақ бізде жүйені алдағысы келетіндерге қарағанда адал адамдар көп екенін ескеруіміз қажет», деп атап өтті сарапшы.

Ал Қазақстан қаржыгерлері қауым­дастығының заң мәселелері жөніндегі басқарушы директоры Назар Рахимов соттан тыс банкрот­тық пен сот ісі заңнамада белгілен­ген барлық рәсім аяқталғаннан кейін жасалуы керек деп санайды.

«Егер мұны мәжбүрлі шара деп санасақ, онда жақында енгізілген барлық рәсім сақталуы керек. Біз қазіргі уақытта заң жобалау жұ­мысы дауды сотқа дейін реттеу бөлі­гінде, қаржылық қызметтерді тұтыну­шылардың құқықтарын қор­ғау бөлігінде, оның ішінде соттан тыс тәртіпте де, атқарушылық іс жүр­гізуде де күшейгенін білеміз. Осы өзгеріс­тердің барлығы күшін сақтап қалуға тиіс және «Банкроттық туралы» заң бұл функцияларды қайталамауға тиіс. Борышкерге таңдау құқығын бере отырып, борышкер оның салдары барын түсінуі керек. Ол өзін өзі шектеуі керек, яғни борышкер өзінің жеке банкроттығы туралы шешім қабылдағандықтан, оның шетелге шығуы шектелуі керек. Егер оның қандай да бір қаражаты болса, ол оны қаржы секторы алдындағы ғана емес, сондай-ақ мемлекет алдындағы және басқа да қызметтерді жеткізушілер алдындағы міндеттемелерін өтеуге бағыттауға тиіс. Сондықтан шетелге шығуды шектеу – оған несие беруші қойған емес, борышкер өзі өлшеп, қабылдаған шектеу. Сон­дықтан осы бөлікте борышкердің шетелге шығуының негіздері тізбесін кеңейтпеуіңізді сұраймыз», деп әу бастағы Қ.Миятбековтің ұсынысына қарсылық танытты.

Сондай-ақ ол борышпен мөлшер­лес шекті өлшемдерге назар аударып, жалғыз тұрғын үйді алу мәселесін де қозғады.

«Борышкерлердің ғана емес, өн­діріп алушы кредиторлардың да мүд­делерін ескеру қажет. Өткен жылы біз қабылдаған өзгерістерді қара­йық. Біз кредиторлардың кепіл­дік құқық­тарын толығымен шектедік. Екінші деңгейдегі банктер­дің кепілдіктерін жетілдіру мәселелері бойынша заң қабылданды, ол 12 қаңтарда күшіне енді, бұған дейін борышкерлердің, несие берушілердің және қаржы­лық қызметтерді тұтыну­шылардың мүд­делерін қорғауға бағыт­талған бір­қатар заң жобасы қабылданды. Сондықтан осы ұсы­ныстар мен алаң­даушылықтарды ескеру­ді сұрай­мыз. Сондай-ақ 1 шілде­ден бас­тап банктерге 90 күн өткеннен кейін сыйақы алуға тыйым салатын норма күшіне енетінін еске саламын. Бұл да қаржылық қызметтерді тұтыну­шылардың құқықтарын қорғауға бағыт­талған шара. Бұл жағдайда заң шығарушы қабылдаған барлық ш­а­ра жаңа заңмен кедергі бол­ма­ға­нын, банкроттықтың шынымен де төтенше және мәжбүрлі ша­­­ра бол­ғанын және өндіріп алу­шы­­лар мен бо­рышкерлердің мүдде­ле­рін ес­кергенін қалаймыз», деді қауымдас­тық өкілі.