Қоғам • 09 Наурыз, 2022

Балалар семіздігі баршамызды алаңдатуға тиіс

607 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы (ҚДСҰО) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, Қазақстанда онлайн режімінде балалардың семіздігінің таралуы туралы зерттеу нәтижелерін ресми түрде ұсын­ды.

Балалар семіздігі баршамызды алаңдатуға тиіс

Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

2020 жылы ҚДСҰО Денсау­лық сақтау министрлігінің, Дү­ние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымының және БҰҰ Балалар қорының қолдауымен баста­уыш сынып балалары арасында мультицентрлік зерттеу-ДДҰ (COSI, Childhood Obesity Surveillance Initiative) әдіснамасы бойынша балалардың семіздігіне эпидемиологиялық қадағалау жүргізді. Осы зерттеудің нәтиже­лері балалық шақтағы семіздікке эпидемиологиялық мониторинг жүргізу, 6-9 жас аралығындағы балалар арасында артық салмақ пен семіздіктің таралуын бағалау, оны қалыптастыру факторлары және «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында семіздіктің алдын алу шараларының тиімділігін бағалау жүйесінің негізі болып саналады. Аталған зерттеулер COSI бойынша халықаралық есепке кіреді және Қазақстанда артық салмақ пен семіздіктің таралуына COSI жобасына қа­ты­су­шы басқа елдермен салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Іс-шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Қа­зақстандағы Балалар жылы және 2020 жылғы балалардың семіздігі мен артық салмағын, тамақтануы мен дене белсенділігін эпиде­миологиялық қадағалау нәтиже­лер­ін көрсету мақсатында 4 нау­рызда атап өтілетін Дүние­жү­зілік семіздікке қарсы күрес күні ая­сында өтті. Сонымен қатар мек­теп жасындағы балалар арасын­да дене салмағының және аз қи­мылды өмір салтының кө­беюінің өсіп келе жатқан проб­лемасына қоғамның назарын ауда­ру және дұрыс тамақтану мен қозғалыс белсенділігі сала­сын­дағы жұмыстың негізгі бағыт­тарын анықтау маңызды болды.

Сенат депутаты, медицина ғы­лымдарының докторы Ақмарал Әлназарова, Денсаулық сақ­тау бірінші вице-министрі Марат Шоранов, ДДҰ-ның Қазақс­тан­дағы өкілі Каролин Кларинваль, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дузен және т.б. құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара барысында ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлт­тық орталығы директорының м.а. Жанар Калмакова «COSI зерт­теу нәтижелері бойынша бас­­тауыш мектеп жасындағы ба­­ла­­лардың тамақтану әдеттері, дене белсенділігі туралы негізгі тұ­­жырымдар» презентациясын ұсы­н­ды.

«Сауалдамаға қатысқан мек­теп­тердің бестен бірінде қант, тұз немесе май мөлшері жоғары өнімдерді жарнамалау немесе маркетинг элементтері немесе теңгерімсіз тамақтанудың осы түр­лерін іске асыратын бренд­тер­дің логотиптері бар. COSI зерттеуі ба­ланың семіздігінің алдын алу бойынша басым шараларды әзірлеу үшін тамақтану әдеті, фи­зикалық белсенділік, отба­сы­лық және мектеп ортасы сияқты мінез-құлық және қоршаған орта факторлары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді», деді ол.

«Семіздік, оның ішінде бала­лар­дың семіздігі, жүрек-қан та­­мырлары аурулары, 2-типті қант диабеті, қатерлі ісік сияқты ИЕА дамуының негізгі қауіп факторы ретінде, елдің ұлттық эко­номикасына айтарлықтай ауырт­палық түсіре отырып, Қа­зақ­станда даму мен қоғамдық ден­саулық сақтау саласындағы өсіп келе жатқан проблема болып саналады. Осы бағытта ат­қа­­­рылған жұмыстар бас­тауыш мектеп жасындағы бала­лар­дың антропометриялық сипаттамалары, олардың тамақ­тану әдеттері, дене белсенділігі, оты­рықшы өмір салты, жалпы мектептердің денсаулықты ны­ғай­туға қатысты саясаты туралы мәліметтер алу­ға мүмкіндік бер­ді», деп атап өтті Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова.

Өз кезегінде ДДҰ-ның Қазақ­стандағы кеңсесінің басшысы, доктор Каролин Кларинваль: «Балалар арасындағы артық сал­мақ пен семіздік – ДДҰ-ның Еуропалық өңіріндегі негізгі проблемалардың бірі. Әр түрлі ел­дердегі COSI зерттеулері көр­сет­кендей, аймақта ұлдардың 28,7%-ы және қыздардың 26,5%-ы ­артық салмақ немесе семіз­дік­ке шалдыққан. Балалар мен жасөспірімдер арасында артық салмақ пен семіздіктің таралуын бақылау деректері тиімді саясат пен стратегияны жасау үшін өте маңызды», деді.

ҚДСҰО Ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы Шынар Әбдірахманова өз сөзінде Ұлт­тық іріктемеге 14 облыстан және Республикалық маңызы бар 3 қаладан – 81 қалалық және 72 ауылдық мектептерден 153 мектеп енгізілгенін атап өтті. Нәтижесінде, ұлттық іріктеудегі оқушылар саны 6 851 баланы құ­рады. Зерттеу нәтижелері көр­сеткендей, 6-9 жастағы бала­лар­дың 20,6%-ында артық дене салмағы бар (семіздікті қосқанда), (17,6% қыздарға қарағанда ұлдар – 23,6%), ал балалардың 6,6%-ын­да ­семіз­дік бар (4,6% қыздарға қа­ра­­ған­да ұлдар – 8,7%).

Сонымен қатар «Қазақ­стан­да­ғы балалардың семіздігі бо­­­йынша жұмыстың тәжірибелік ас­пектілері» тақырыбында ДСМ штат­тан тыс бас эндокринологі Жанай Ақанов, «Балалар ара­сын­дағы артық салмақ пен се­міз­діктің алдын алу бойынша ұлттық стратегия» тақырыбында ЮНИСЕФ денсаулық сақтау бағдарламасының үйлестірушісі Бауыржан Жүсіпов, «Тұз, қант және басқа да өнімдерді тұтыну деңгейін төмендету мақсатында азық-түлік өнімдерін таңбалау үшін тағамдық денсаулық ин­дек­сінің технологиясы» тақы­ры­бына «Салауатты тамақ­та­ну ұлттық орталығы» ҚБ атқарушы директоры Ақкүміс Салханова және «Балаларды дамыту үшін салауатты орта – қоғамда дұрыс тамақтану мен дене белсенділігін ілгерілету шаралары» жөнінде ДДҰ-ның Инфекциялық емес ауру­лардың алдын алу және олар­ға қарсы күрес жөніндегі Еу­ро­палық кеңсесінің тамақтану жө­ніндегі техникалық маманы Julianne Williams баяндама жасады.

Конференцияға 100-ден астам адам, оның ішінде ДСМ Сани­­тарлық-эпидемиологиялық бақы­лау комитетінің, БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басшылары, БҒМ Денсаулыққа ықпал ететін мектептердің ұлт­тық өңірлік үйлестірушілері, облыс­тар­дың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қала­ла­рының денсаулық сақтау бас­қар­маларының басшылары, орын­басарлары, Ы.Алтынсарин атын­да­ғы Ұлттық білім академиясы, «Салауатты тамақтану ұлттық ор­­та­­лығы» ҚБ және т.б. қатысты.

Зерттеу нәтижелері бойынша ұлт­тық есеппен және бюллетеньдермен ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтынан таныса аласыз.