31 Наурыз, 2014

Ақтөбеде оралмандардан ақша алған шенеунік сотталады

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-03-Kostanau

Ақтөбеде оралмандардан ақша алған облыстық көші-қон полициясы басқармасының бастығы сотталады. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады. «Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі оралмандарға тұрғын үй алу мен бір реттік жәрдем үшін бөлінген 45 млн. теңгені қайтаруды талап етті», - делінген хабарламада. Алайда, Моңғолияда туған азамматтардың паспорты мен туу туралы куәлігін қолдан жасаған полиция майорынан, подполковнигінен және үш ажаматтық тұлғадан тұратын топ бұл соманы алудың орайын келтірген. Тергеудің пікірінше, ойдан шығарылған 26 көп балалы отбасы пайда болған. Оларда 230-ға жуық жан бар деп есептелген. Сот қызметтеріне салғырттықтары үшін көші-қон полициясының бұрынғы бастығы Арман Құрметов пен оның орынбасары Қадырбек Аманбаевты жауапқа тартты. Сотта айыптаулар оқылғаннан кейін сотталушылардың екеуі де өз кінәларын мойындамайтындарын айтты. Тағылған айыптарға қарамастан, олар өздерін өте еркін ұстауда. Тіпті бір-біріне қарап күлімдеп те қояды. Қазір жеті сотталушының екеуі ғана уақытша оқшаулағышқа қамалған. Қалған бесеуі үйлерінде отыр. Құрыш Нұрымбет. Дерекөз: Мой город. Фото: money.gazeta.kz.