Аймақтар • 10 Наурыз, 2022

Ақтөбе облысының бас экологі пара алды деген күдікке ілінді

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облыстық экология басқармасының басшысы Нұржан Аққұлға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Шенеунік пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысының бас экологі пара алды деген күдікке ілінді

Ақтөбе облыстық экология басқармасының басшысы Нұржан Аққұл кәсіпкерден 400 мың теңге көлемінде пара алды. 

«Нұржан Аққұлға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Өткен жылдың желтоқсан айында ол кәсіпкерден 400 мың теңге бопсалап алған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол өз кінәсін мойындады. Ақтөбе облыстық экология департаменті тікелей министрлікке бағынады. Сондықтан облыс әкімінің орынбасарларынан ешкім жауапкершілікке тартылмайды», деп түсіндірді облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.

Айта кетсек, Нұржан Аққұл 2014-2020 жылдар аралығында Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын басқарып, 2020 жылдың сәуір айынан бастап облыстық экология департаментінің басшысы қызметін атқарып келген.