Оқиға • 11 Наурыз, 2022

Қызылордада микроавтобус аударылып қалды

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалдайтын автокөлік аударылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.



Қызылордада микроавтобус аударылып қалды

Оқиға бүгін, 11 наурызда сағат 12:50 шамасында Желтоқсан көшесі мен Қорқыт ата көшелерінің киылысында болған.

Жолаушылар тасымалдайтын «Mercedes Benz» автокөлігі мен «Toyota Camry» көлігі соқтығысып, жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Қоғамдық көлік жолаушыларына дәрігерлік көмек көрсету мақсатында медициналық мекемелерге жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды», деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.