Ауа райы • 14 Наурыз, 2022

Солтүстік өңірлерде 28 градусқа аяз болады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-17 наурызда елімізде жаңбыр, қар, тұман, желдің күшеюі, көктайғақ, сондай-ақ -28°C-қа дейін салқындау күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік өңірлерде 28 градусқа аяз болады

«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады. Циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, желдің күшеюі, батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі», деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК

Болжамға сәйкес, Қазақстанның солтүстігінде ғана солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі және түнгі температура -17 дейін төмендейді.