Аймақтар • 14 Наурыз, 2022

«Алматыкітап баспасы» тағы бір тың жобаны көпшілікке таныстырдырды

355 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгінгі таңда елімізде 200 мыңнан аса оқушы жүйелі түрде электронды кітаптар арқылы білім алады. Бұл жөнінде  TopIQ.kz. тұғырнамасының тұсау кесерінде айтылды.

 

«Алматыкітап баспасы» тағы бір тың жобаны көпшілікке таныстырдырды

Ал TopIQ.kz электронды кітаптары digital  ұстаздар мен оқушылары арасында кеңінен танымал. «Тірі оқулықтарды» қолдану мектеп оқушыларына қолайлы болу үшін, «Алматыкітап баспасы» елімізде алғаш рет үш баспаның 86 электронды кітабын бір платформаға жинақтады.

Бұл жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде баспаның қаражат есебінен атқарылды. TopIQ.kz тұғырнамасын 2020–2022 оқу жылдары еліміздің өңірлерінде апробациялау сәтті өткізілді. Осы кезең ішінде 2 млн аса қолданушы тұғырнаманы қолданған.

«Біздің тұғырнамамыз өзіне мемлекеттік білім бағдарламасы аясындағы бірегей интерактивті және мультимедиялы материалдарды кіріктіреді. Электронды кітаптар тек сынып қабырғасында ғана емес, оқушымен жекеше немесе топтық түрде жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Электронды кітапты қолдану икемді: экскурсияда, жолда, спорттық жиындарда оқушыға ыңғайлы және жеңіл. Сонымен қатар, TopIQ.kz тұғырнамасын кез келген уақытта, кез келген құрылғыда, қолайлы қарқында  қолдануға болады, дейді «Алматыкітап баспасының» басшысы Элеонора Баталова.

Кітаптың әртүрлі үлгілері мен материалдардың алуандығына орай, «Алматыкітап баспасының» электронды кітаптарын сараптау мақсатында тұғырнамада екі жылын өткерген ұстаздардың көпшілігі оқушылардың сабақ үлгерімдерінде ілгерілеу бар екенін байқап, жаңа буын үшін бұл аса маңызды екендігі алға тартып отыр.

Тұғырнаманың тұсаукесер рәсімін «Digital Ustaz Almaty 2021» байқауының жеңімпазы, тарих пәнінің мұғалімі Сағынғали Қалиев атқарды.

«Қазіргі ұстаздың міндеті – оқушылардың миды ашытатын, тым көп әрі түсініксіздеу, аса қажетсіз деректерді қабылдауға мәжбүрлеу емес, жаңа білімді талдау және таба білу. Бұл жаңа тәсіл цифрлы педагогикамен тығыз байланыста. Цифрлы педагогика дегеніміз – 40 минут бойы zoom арқылы сөйлеп тұрған бас пен тапсырмаларды whatsApp арқылы жіберу емес. Цифрлы педагогика – бұл интерактивті оқыту, яғни оқушының сабақ бойы үнсіз отырып тыңдауы емес, керісінше ұстазбен, сыныптастармен, сандық кітаппен, сандық технологиялармен өзара байланыста болуы. Қазіргі таңда «Алматыкітап» баспасы мен оның Pearson Education, Cambridge, Oxford University Press әріптестері осы әспен айналысып отыр», деді тұсаукесерде барысынды оптикалық голография қолданған Сағынғали Қалиев.

уСонымен соңғы күндері цифрлы педагогикамен сабақтарын өткізетін «Digital Ustaz Almaty 2021» финалистері әрі қарай үйрену үшін күні «Алматыкітап» Кітаптар Үйіне жиналды. Олар технологияларды жақындатып, оқушыларға ынта беру үшін білімдік тақырыптарға құштарлығын танытып, «Teachers Lab» тұғырнамасымен танысты. Замануи ұстаздар оқыту балаларға қызықты әрі пайдалы болу үшін әрі қарай жаңа сервистерді меңгереді. Ендігі жерде «Технологияларды жақындатып, оқушыларға ынта беру!»  ұраны алдағы уақытта Алматының әрбір мектебінде айтылады. Өйткені Алматы қаласының әкімдігі мен «EdCrunch Academy» заманауи білім беруді дамыту институты ұйымдастырған «Digital Ustaz Almaty 2022» байқауы жақын күндерде басталады.