Жуырда Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментімен бірлесіп 11 сынып оқушыларының арасында тұңғыш рет «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасын өткізді. Олимпиада елордадағы генерал С.Нұрмағанбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің аясында ұйымдастырылды.
Байқау екі кезеңде өтті. Алғашқы теориялық сатыда оқушылардың білімі математика, физика, орыс тілі, қазақ тілі, алғашқы әскери дайындық және денешынықтыру пәндері бойынша тестіленіп, сарапқа салынды. Осы сынақта жеңімпаз деп танылған балалар екінші кезеңге өтті. Екінші тәжірибелік сатыда балалар нормативтерді, АК-74 автоматын ішінара бөлшектеу және жинақтау процестерін орындап, 3000 метрге, 100 метрге жүгіріп, тартылып өздерінің алғашқы әскери дайындық, денешынықтыру пәндері бойынша шама-шарықтарын көрсетті. Атап өтерлігі, олимпиаданың «Жас ұлан» мектебінде ұйымдастырылған республикалық екінші қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірлерінен, Алматы және Астана қалаларынан, республикалық әскери мектептерден бірінші кезеңде жеңімпаз атанған 62 оқушы мен олардың әскери дайындық пәндерінің мұғалімдері қатысты.
Олимпиада аясында Мемлекеттік басқару академиясында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне «Мемлекеттік тілде саптық дайындық сабағын өткізу әдістемесі» атты арнайы семинар өткізілді. Сонымен қатар, олимпиада қатысушыларына Тұңғыш Президент мұражайына, «Астана Бәйтерек» монументіне, 68665-ші әскери бөліміне саяхат ұйымдастырылып, «Мега Астана» кинотеатрында әскери фильм көрсетілді.
«Сардар» республикалық кешенді олимпиадасының барлық қатысушыларына сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді. Олимпиаданың жабылу рәсіміне оқушыларды құттықтап марапаттау үшін Мәжіліс депутаттары генерал-лейтенант Б.Ертаев, генерал-лейтенант А.Тасболатов, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагері, генерал-майор Г.Носоновский, Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Әбдірайым, Білім және ғылым вице-министрі Е.Иманғалиев және осы олимпиаданың негізгі демеушісі «Ұлттық Қазақстан инжиниринг компаниясы» басқарма бастығының орынбасары Қ. Тілебалдинов қатысты.
Бәйге бес күнге созылды. Осы күндерде қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер, аталымдар бойынша дипломдар мен грамоталардың иегерлері анықталды. Сонымен, «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасында қазылар алқасының шешімімен «Арыстан» мамандандырылған лицейінің оқушысы Нұрбек Рысқожаев бас жүлдеге ие болса, «Жас ұлан» республикалық мектебінен Айбек Құрманғалиев, Бернар Ережеп, «Арыстан» мамандандырылған лицейінен Айбек Керімбек бірінші дәрежелі дипломға лайық деп табылды. Өскемен қаласындағы «Жас ұлан» мамандандырылған ерлер лицей-интернатынан Нәдірбек Нұрлыбеков, «Жас ұлан» республикалық мектебінен Абылай Биқожа, «Арыстан» мамандандырылған лицейінен Шынболат Қайырбеков екінші дәрежелі дипломдармен марапатталды. Ал, үшінші дәрежелі дипломдар еліміздің әр өңіріндегі білім ордаларынан келген Ұлан Сабырқұлов, Асқар Ахметов, Жанболат Игібаев, Наурызбай Серікбаев, Асқар Балташев, Телжан Әскержанов сынды мықты оқушыларға табысталса, «Ең жүйрік» аталымында Әнуар Құрманғалиев, Олжас Едік, «Ең күшті» аталымында Бектөре Смәділ, «Ең төзімді» аталымы бойынша Жақсылық Тасболат жеңіске жетті.
Айгүл СЕЙІЛОВА,
«Егемен Қазақстан».

Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20
Олимпиада ойындарының жабылу салтанатында Қазақстан туын Михаил Шайдоров алып шықты
Қысқы спорт • Бүгін, 11:07
Грузияда Қазақстан азаматтарына қандай жұмыс істеуге тыйым салынады?
Еңбек • Бүгін, 10:59
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10