Оқиға • 14 Наурыз, 2022

Алматы облысында «Атамекен» ҰКП филиалының директоры ұсталды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы мониторингі агенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

 

Алматы облысында «Атамекен» ҰКП филиалының директоры ұсталды

«Алматы облысында «Атамекен» ҰКП аудандық филиалының директоры қызметтік жағдайын пайдалана отырып, кәсіпкерлерден «Бастау Бизнес» мемлекеттік жобасы шеңберінде ісін жаңа бастағандарға мемлекеттік кредит алуға көмектескені үшін бірнеше рет 200 мың теңгеден заңсыз ақшалай сыйақы алған», делінген хабарламада.

Деректерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 253-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу аяқталып, прокуратураға жолданған.