Әлем • 14 Наурыз, 2022

«Қытайда коронавирус қайта ушықты»: Миллиондаған адам оқшауланды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына байланысты Қытай билігі бірқатар аймақта карантин енгізді деп хабарлайды Egemen.kz Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

«Қытайда коронавирус қайта ушықты»: Миллиондаған адам оқшауланды

Газеттің хабарлауынша, 13 наурыздан бастап шамамен 17,5 миллион тұрғыны бар Шэньчжэнь бір апталық оқшаулау режимін жариялады.

«Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты бірнеше қала оқшаулауды қайта енгізді» деп жазды басылым тілшісі.

Азаматтарға қаладан шығуға тыйым салынып, үш кезеңдік тестілеуден өтуге міндеттелді. Тіршілікте маңызды ұйымдардан басқа барлық мекеме жұмысын тоқтатты. Қызметкерлер онлайн режимде еңбек етеді. 24 миллион халқы бар Шанхайда билік тұрғындарға осындай талаптар қойды. Жексенбіден бастап Шанхаймен қалалар арасындағы автобус қатынасы уақытша тоқтатылды.  

Сондай-ақ 24 миллион тұрғыны бар Цзилинь провинциясы мен  9 миллион халқы адамы Чанчуньда омикрондық инфекциялар ең көп таралған аймақтар тізіміне қосылды.