ANTIKOR • 14 Наурыз, 2022

Қызылордада бюджет қаражатын жымқырған шенеунік ұсталды

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада бюджет қаражатын жымқырған шенеунік ұсталды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысындағы департаментінің баспасөз қызметінің өкілі мәлімдеді.

«Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ басшысының орынбасарына қатысты 2021 жылы аяқталмаған құрылыс нысанын заңсыз қабылдау арқылы 14,5 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған деген айып бойынша тергеу жүргізіп жатыр», деді ведомство өкілі.

Тергеу соты күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

«Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды», деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі өкілі.