«Санкциялардың тез арада әсер етуі мүмкін емес. Уақыт өте келе Ресей экономикасына айтарлықтай салмақ түседі», деді ол Түркияның NTV телеарнасында сөйлеген сөзінде.
Бұған дейін Жозеп Боррель ЕО Ресейге қарсы қаржылық санкцияларды шарықтау шегіне жеткізе салып жатқанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, санкциялар Ресей экономикасына қазірдің өзінде теріс әсер ете бастаған.