Қазақстанның болашақта Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі көптеген елдердің ауылшаруашылық өнімдерінің елімізге кіруіне жол ашады. Алайда, оның барлығы да халықаралық және ұлттық стандартқа сай ма? Бұл күрделі мәселе. Сондықтан елімізде сыртқа шығарылатын немесе ішке кіретін өнімдер болсын, олардың бәрінің сапасын тексеретін орталық міндетті түрде болуы керек.
Қазақстан-Жапония инновациялық орталығы осыған қадам жасап отыр. Оның тағы да бір ерекшелігі, ол мұндағы барлық заманауи ғылыми аспаптар мен жоғары білікті мамандардың шоғырлануы. Бүгінде ғылыми зертханалар көп, бірақ олардың көпшілігі тек белгілі бір бағытта ғана зерттеулер жүргізе алады. Толықтай кешенді зерттеу жүргізу, сапалы және жоғары дәлдікпен нәтижелер алу, осылардың барлығы бүгінде осы орталықта үйлесім тапқан.
Орталық құрамында жұмыс істейтін инженерлік бейіндегі «Электронды микроскопия» зертханасы, «Азық-түлік және экологиялық қауіпсіздік» зертханасы, «Су сапасын бағалау» зертханасы, «Оқу-ғылыми-диагностикалық» зертханасы біріктірілген.
Ондағы мамандар бүгінде зерттеулерін кең шеңберде жүргізуде. Сарапшылар негізінен табиғи жайылымдарда, ауада, бидай сынамаларында, жеміс-көкөніс өнімдерінде металл қалдықтарының мөлшерін, соның ішінде адамдар үшін улы қорғасын, кадмий, сынап сияқты барлығы 30-дан асатын элементтерді анықтауға арналған.
Орталықтың кадрлық әлеуеті ғылым мен тәжірибе мәселелерін шешуге жеткілікті. Әсіресе, нано-биотехнология бағытында, тағам қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау саласында. Бүгінде орталықта жүргізілген зерттеулердің нәтижелері импакт-факторы жоғары шетелдік басылымдарда жарық көруде.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
––––––––––––––––
Суретті түсірген
Берсінбек СӘРСЕНОВ.

Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10
Оралда қысқы спорт түрлеріне арналған фестиваль өтті
Аймақтар • Бүгін, 11:57
Шығыс Қазақстанда ас үй орындығына есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:50
Ұлытау облысында ескек есу мектебі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Қостанай облысында он үш адам қар құрсауынан құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 11:36
ERG кеншілері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:20
Елімізде үндістандық «Десилмакс» дәрісін сатуға тыйым салынды
Фармацевтика • Бүгін, 11:20