Өнер • 15 Наурыз, 2022

Кремль сарайында өнер көрсетті

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана Опера» театрының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бақтияр Адамжан мен театр солисі Анастасия Заклинская «Андрис Лиепа 6:0» әлем балет жұлдыздарының мерей­тойлық гала-концертінде өнер көрсетті. Бақтияр Адам­жан­ның гастрольдік туры Но­во­сібір опера және балет театры­ның сахнасында қо­йы­лым­дарға қатысуымен жал­ғасты.

Кремль сарайында  өнер көрсетті

Ресейдің халық әртісі Андрис Лиепаның мерейтойлық кеші «Қол­таңбалар мен тұлғалар» атты танымал жоба аясында Мемлекеттік Кремль сарайында өткен еді. Мәскеу сахнасында «Астана Операны» ғана емес, күллі қазақ өнерін танытқан қос өнерпаз Н.А.Римский-Корсаковтың музыкасына Андрис Лиепа қойған «Шехеразада» балетінен адажиода Ал­тын құл мен Зобеиданың бей­не­лерін сомдады.

Сондай-ақ жетекші солист осы бағдарлама аясында А.Аданның «Кор­сар» балетінен падедені де орындады.

Айта кетейік, Бақтияр Адамжан мен Анастасия Заклинская «Шехер­­азаданы» қойылым театр репертуа­рына енген алғашқы күннен бері орындап келеді.

Бақтияр Адамжан Новосібір опера және балет театрында шақырылған жетекші солист болып еңбек етеді. Көрермендер оны А.Хачатурянның «Спартак», Л.Минкустың «Дон Ки­хот» спектакльдері және «Бая­дерка» балетінің классикалық нұсқасында жақсы таныды.

«Бұл жолы Морис Жаррдың музыкасына Ролан Петидің «Париж Құдай анасының соборында», сон­дай-ақ испандық хореограф Начо Дуа­тоның қойылымында «Баядерка» бале­тінің мен үшін жаңа нұсқасында биледім. Түрлі сахналарда, әлемдік балет жұлдыздарымен бірге гала-кон­церттерде өнер көрсетуге мүм­кіндігім барын мақтан етемін. Атақ­ты бишілермен таныстым, шығар­машылық өсуге, тәжірибе алмасуға үлкен әсер алдым», дейді әртіс.