Коронавирус • 15 Наурыз, 2022

Білім беру мекемелеріндегі Ashyq жобасы алынды

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова 14 наурыздағы №13 «Білім беру ұйымдарындағы шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім беру мекемелеріндегі Ashyq жобасы алынды

Құжатқа сәйкес, «жасыл» және «сары» аймақтардағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңірлерде, меншіктің барлық нысандары мен ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарында келесі талаптардың күші жойылсын:

1) әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтауға;

2) күнделікті «кіру» сүзгісіне (байланыссыз термометрмен термометрия).

Ashyq мобильді қосымшасын пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және термометрияны жүргізу білім беру ұйымдары әкімшілігінің шешімі бойынша ерікті түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

Сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңірдің «қызыл» аймаққа өтуі кезінде меншіктің барлық нысандары мен ведомстволық тиесіліліктің білім беру ұйымдарында Ashyq қосымшасын міндетті пайдалану, әлеуметтік қашықтықты сақтау және күнделікті «кіру» сүзгісін (байланыссыз термометрмен термометрия) жүргізу қамтамасыз етіледі.