Футбол • 15 Наурыз, 2022

Кәрім Бензема жаңа рекорд орнатты

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Испаниялық «Реал» футбол клубының франциялық шабуылшысы Кәрім Бензема жаңа бір рекордтың авторы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәрім Бензема жаңа рекорд орнатты

Иә, Кәрім Бензема Франция футболшыларының ішінде тарихта ең көп гол соққан ойыншыға айналды. Ол Испания ла-лигасының 28 турында «Мальоркаға» қарсы өткен кездесуде дубль авторы атанып, кәсіби мансабын ертеректе аяқтап қойған Тьерри Анриді басып озды. Анри кәсіби мансабында 411 гол соққан болса, қазірдің өзінде Кәрім Бензама 413 голдың авторы атанған. Бұл көрсеткіш бойынша жақын арада Кәрімді қуып жететін ешкім жоқ.