Коронавирус • 15 Наурыз, 2022

Денсаулық сақтау ұйымдары аймақтарға бөлінеді

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.



Денсаулық сақтау ұйымдары аймақтарға бөлінеді

«Осы қаулыға қоса берілген 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлуді және жұмыс режимін сақтау қамтамасыз етілсін», деп жазылған қаулыда.

Аталған қосымша инфекциялық стационарларда оларды «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету керектігі айтылған. «Таза» аймаққа мыналар жатады:

1) медицина қызметкерлеріне арналған кіру тобы, сыртқы киімге арналған гардероб, кіретін жерде «лас» аймаққа дейінгі және шығатын жерде «лас» аймақтан кейінгі санитариялық өткізгіш, осы блоктардағы қосалқы үй-жайлар;

2) ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары. Бұл ретте оларға кіретін жер жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі – ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс;

3) әкімшілік кабинеттері және басқа да әкімшілік үй-жайлар;

4) көшеден кіретін жері бар және «лас» аймақтың ішінде шығатын жер жоқ техникалық үй-жайлар. Ал «лас» аймаққа осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілгендерден басқа стационардың үй-жайлары жатады.

Қосымшада санитарлық өткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалану керектігі көрсетілген:

1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;

2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет. «Бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс», делінген құжатта.