Тағайындау • 15 Наурыз, 2022

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы ауысты

901 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мереке Мәтімұлы Көшекбаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы ауысты

Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды.

Айта кетсек, Мемлекет басшысының өкімімен Қайдар Сәмиғоллаұлы Қарақұлов «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.