Аймақтар • 16 Наурыз, 2022

Түркістан облысында екі ауыл су астында қалды

382 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысындағы Мақтаарал және Жетісай аудандарында су тасқыны болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында екі ауыл су астында қалды

«Хабар 24» арнасы мәлім еткендей, жергілікті жерлерде жүзден астам құтқарушы жұмыс істеуде.

«Мотопомпалардың көмегімен ондаған ауладан 2,5 мың текше метр су сорылды», делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаменті жанынан жедел штаб құрылды.

Өңірдің оңтүстік аудандарындағы жер асты суларының деңгейі үздіксіз жаңбырдың салдарынан көтерілгені айтылуда.