Президент • 16 Наурыз, 2022

Президент бірқатар облыстың әкімдерін қабылдады

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар облыстың әкімдерін қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент бірқатар облыстың әкімдерін қабылдады

Президент Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті, Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаевты, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовті, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді және Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына аймақтарда былтырғы атқарылған жұмыстар мен 2022 жылдың алғашқы екі айындағы даму көрсеткіштері туралы баяндалды. Әкімдер аталған облыстарға және Шымкент қаласына қатысты Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде мәлімет берді.

Президент халықпен жиі кездесудің, қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізудің маңыздылығын атап өтіп, өңірлердің басшыларына тұрғындарды мазалаған мәселелерді уақтылы шешу қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын күшейтуді және өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобаларды жалғастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15