Саясат • 16 Наурыз, 2022

ҚР Премьер-Министрі «Shell» компаниясының атқарушы вице-президентімен кездесті

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Shell» компаниясының атқарушы вице-президенті Питер Костелломен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Рrimeminister.kz  сайтына сілтеме жасап. 

ҚР Премьер-Министрі «Shell» компаниясының атқарушы вице-президентімен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен SHELL компаниясының арасында инвестициялар тарту, сондай-ақ энергетика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастықты дамыту мәселесі қаралды.

Атап айтқанда, тараптар өткен жылғы жұмыс қорытындылары мен 2022 жылға арналған жоспарларды талқылады.

«Біздің ынтымақтастығымыз алдымызда тұрған міндеттерді, бірінші кезекте жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге, сондай-ақ өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал етеді», деді ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов.