Кәсіпқой бокс • 17 Наурыз, 2022

Головкин бұрынғы бапкерінің сынына жауап берді

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Геннадий Головкин бұрынғы бапкері Абель Санчестің сынына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Головкин бұрынғы бапкерінің сынына жауап берді

Бұған дейін Абель Санчес Геннадий Головкинді «Өзін боксшы ретінде көрсетуге тырысып бағуда. Ол шын мәнінде жойқын күшінің арқасында қарсыластарынан айласын асырып жүр» деген сыңайда сын айтқан болатын.

«Мен бұрын өзім қолданған «мексикалық стилден» толыққанды бас тарттым деп ойламаймын. Бәлкім өз стиліме бірнеше өзгерістер мен түзетулер енгізген шығармын. Әлбетте, о баста өзім дағдыланған, үйренген дүниелерден бас тартқан емеспін. Расында Джонатан Бэнкспен бірлесе жұмыс істеп, жаңа тәсілдерді жетілдірдік. Олардың бірқатарын Камиль Шереметаға қарсы өткен шайқаста тексеріп көрдім. Мақсатымыз жекпе-жекті барынша қызықты өткізуге бағытталды. Қазіргі кезде тәжірибемді толыстырып, жан-жақты боксшы болғаныма сенімдімін. Уақыт өткен сайын боксшы ретінде өсіп жатқанымды сеземін», деді қазақстандық боксшы. 

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20