Коронавирус • 17 Наурыз, 2022

Өткен тәулікте Алматыда 19 адам коронавирустан жазылып шықты

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда бір тәулікте 33 адам коронавирус жұқтырды. Оның 26-да симптом бар, 7-де ауру белгілері жоқ. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте Алматыда 19 адам коронавирустан жазылып шықты

19 адам жазылып шықса, 12 адам ауруханаға жаңадан түсті. 400 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 96 адам жатыр, оның ішінде 8 бала бар. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 11 адам жатыр.

4 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында біреу, High flow-да төрт аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 174 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 158 науқас, симптомсыз 16 науқас бар.