Аймақтар • 17 Наурыз, 2022

Атырау облысының шалғай ауылында интернет пайда болды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жылдамдығы жоғары интернет Атырау облысының ең шалғай ауылында пайда болды. Қызылқоға ауданының Соркөл ауылының тұрғындары заманауи телекоммуникация қызметтеріне қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысының шалғай ауылында интернет  пайда болды

«Өңірде ауылдық елді мекендерді, соның ішінде шалғай елді мекендерді жоғары жылдамдықты Интернетке қосу жалғасуда. Шағын Соркөл ауылы Қызылқоға ауданы интернет қолжетімділікпен қамтамасыз етілген он үшінші ауыл болды. Соркөлде барлығы 23 үй және 80 тұрғын бар. Ол Миялы ауданы орталығы мен Сағыз кенті арасында Атыраудан 300 километрден астам қашықтықта орналасқан. Елді мекеннің алыс болуына байланысты ауыл тұрғындарына тек сымды телефон ғана қолжетімді болды, мобильді байланыс мүлдем жұмыс істемеді немесе тұрақсыз болған. Енді ауыл тұрғындары талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосыла бастады. 23 үйдің 11-і интернетке қосылды», деп хабарлады Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сапалы Интернеттің келуімен ауыл тұрғындарына базалық қызметтер мен сервистер қол жетімді болады: мемлекеттік органдармен, банктермен, зейнетақы қорымен, телемедицинамен, онлайн-кітапханалармен, маркетплейстермен қашықтықтан өзара әрекеттесу, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде қарым-қатынас жасау және тағы басқалар.