Әлем • 17 Наурыз, 2022

Ресей мен Беларусь арасындағы шектеулер жойылды

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин Ресей мен Беларусь арасындағы барлық шектеулерді алып тастау туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz «Риа новости»-ға сілтеме жасап.

Ресей мен Беларусь арасындағы шектеулер жойылды

«18 наурыздың түнінен бастап Ресей мен Беларусь арасындағы азаматтардың сапарларына қойылған барлық шектеулер жойылады», деді Михаил Мишустин Үкімет отырысында.

Ол сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту үшін қозғалыс еркіндігі маңызды екенін атап өтті.

«Бұл туралы біз апта басында Беларусь Премьер-Министрі Роман Александрович Головченкомен сөйлестік. Бұл шешім Президентпен мақұлданды», деді Мишустин.