Өнер • 18 Наурыз, 2022

«Әуен» салған ән қандай!

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданы өзінің әншілік мектебімен абырой биігіне көтерілген өңір. Сол дәстүр бүгінде сәтті жалғасын тапқан. Мысалы, таяуда ғана аталған аудандағы өнер мектебінің «Әуен» балалар ансамблі республикалық «Сал домбыра» байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

«Әуен» салған ән қандай!

Айта кету керек, Алматыда өткен шығармашылық байқауда еліміздің  түкпір-түкпірінен келген 214 дарын бақ сынаған болатын. Ал өнер са­йысын­да халық әндерінен попурриді эстрадалық нұсқада орындаған  Ақтоғайдың әнші балдырғандары 38 ұжымның ішінен дара шықты.

«Әуен» тобының жетекшісі Сала­мат Мүбәрәк өнер ұжымының 2016 жылы құрылғанын айтады.

– Жаңа құраммен 2020 жылдан жұмыс істей бастадық. Содан бергі уақыт ішінде ансамбль бірнеше ірі өнер до­дасына қатысты. Қол жеткізген табыс та аз емес. Жалпы, ре­пер­туа­ры­мызда алты ән бар. Ансам­бль құра­мындағы сегіз қыздың бар­лығы вокал бойынша білім алады, – дейді ол.

Сонымен бірге топ құрамындағы жеке орындаушылар Кәусар Қанат пен Дильяра Нұрахмет аталған бай­қауда көзге түсіп, қазылар мен көрер­меннің ыстық ықыласына бө­леніпті. Кәусар өзімен жасты 42 әнші қатысқан сайыста бас жүлдені жеңіп алса, Дильяра бірінші орынға иелік еткен екен. 

 

Қарағанды облысы