Аймақтар • 18 Наурыз, 2022

Атырауда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды

705 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда мерзімі өткен визалық құжаттармен жүрген 120 қытай азаматы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

 

 

Атырауда заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер анықталды

Атырау қаласы ПБ көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері «Мигрант» іс-шарасы барысында қала аумағында заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктерді анықтады.

Мәселен, Өзбекстан Республикасының 30 азаматы құрылыс алаңында арнайы рұқсат құжаттарынсыз қызмет етіп жүрген. Қазіргі уақытта олар қабылдау-тарату орнына қамалды. Жеке бастары анықталғаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Бұдан басқа, аталған жедел іс-шара барысында полиция қызметкерлері қала аумағындағы Қытай компанияларының бірінің филиалында мерзімі өткен визалық құжатпен жүрген 120 ҚХР азаматын анықтады. Қазіргі уақытта әкімшілік іс-құжаттары сот органдарына жолданды.