
Әңгіме Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жекке қатысты. Аталмыш бокс кешін GGG Promotions пен Оскар Де Ла Хойя басқаратын Golden Boy промоутерлік ұйымы бірлесіп ұйымдастырған болатын. Енді Геннадий Головкин аталмыш ұйымның келісімшартты бұзғанын дерек ретінде келтіріп, қарсы тараптан 3 миллион доллар өтемақы талап етіп отыр.