Екінші орта салмақ дәрежесінде бақ сынауға бел буған Деметриус Андраде 21 мамыр күні ұлыбританиялық Зак Паркерге қарсы шаршы алаңға шығатын болды. Бұл туралы боксшының промоутері Фрэнк Уоррен ақпарат таратты. Екі боксшы екінші орта салмақ дәрежесіндегі WBO тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атағын сарапқа салады. Жеңіске жеткені әлемнің абсолютті чемпионы Сауль Альварестің міндетті қарсыласы атанады.