03 Сәуір, 2014

«2050» Стратегиясына қол жеткізу тың тәсілдерді қажет етеді

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің фракциясы жетекшілерімен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Серік Ах­метов басқаратын Үкіметтің отстав­касы және жаңа Премьер-Ми­нистрдің кандидатурасын ұсы­ну мәселелері қаралды. Мемлекет басшысы Үкіметтің қазіргі құрамы өзіне жүктелген мін­детті орындағанын атап өтіп, атқа­рылған жұмыс үшін алғысын айтты. Дегенмен, күрделі ха­лық­ара­лық экономикалық ахуалды ескерсек, «Қазақстан-2050» Стра­те­гия­сының мақсаттарына қол жет­­кізу жаңа тәсілдерді қа­жет етеді. – Әлемдегі дамыған 30 мем­лекеттің қатарына қосылуға бай­ланысты алға қойылған мін­деттер өз шешімін қажет етіп отыр. Жа­һандық қаржы-экономикалық дағ­дарыс жағдайында бізде де қиын­шылықтар пайда болуы мүмкін. Қазір халықаралық қаржы институттарымен жұмыс жүргізіп, елге ин­вестиция тарта білу керек. Осы мәселелердің бәріне істі жетік білу арқылы басшылық жасау қа­жет болады, – деді Нұрсұлтан На­зарбаев. Қазақстан Президенті Пре­мьер-Министр лауазымына Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын ұсына келіп, оның қажетті тәжірибе мен білімге ие екенін атап өтті. «Нұр Отан» партиясы де­пу­таттық фракциясының жетекшісі Н.Нығматулин Мемлекет бас­шы­сының шешіміне қолдау білдіре келіп, ұсынылып отыр­ған кандидат Үкіметті мұның алдындағы жа­һан­дық қаржы-экономикалық дағ­дарыс ке­зеңінде басқарғанын айтты. «Халықтық Коммунистер» фрак­циясының басшысы В.Ко­са­рев те Қазақстан Пре­зи­дентінің ұсынысын қолдап, бұл халықтың мүддесіне сай келе­тініне тоқталды. Қазақстанның «Ақ жол» де­мократиялық партиясы депу­тат­тық фракциясының жетек­шісі А.Перуашев Мемлекет басшы­сының шешімі, әсіресе, бизнес қо­ғамдастығы тарапынан оң қабыл­данатыны туралы пікірін білдірді.