Әлем • 24 Наурыз, 2022

Ресейге қарсы санкцияларға Google-де қосылды

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ірі Google корпорациясы Ресейдегі жаңалықтар қызметіне кіруді шектеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейге қарсы санкцияларға Google-де қосылды

«Ресей Google News сайтына және қосымшасына кіруде қиындықтарға тап болады», делінген Google мәлімдемесінде.

Компания сайтқа және қосымшаға қол жеткізудегі қиындықтар Google-дің «қандай да бір техникалық проблемаларымен» байланысты емес екенін айтады.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, 23 наурызда Ресейде News интернет-сервисіне кіру мүмкіндігі шектелген. Мұны ресейлік медиа реттеуші - Роскомнадзордың баспасөз қызметі растады.