Қазақстан • 24 Наурыз, 2022

Орман қорғау да оңай шаруа емес

864 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мықты маман қай кезде де саланың тірегіне айналатыны даусыз. Әсіресе орман шаруашылығы секілді жауапты салада салмақты азаматтардың атқарған тынымды тірлігі қай кезде де көзге бірден түседі.

Орман қорғау да оңай шаруа емес

Тұрғамбаев Сабырбек Базаралыұлы 1964 жылы Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Жыланды ауылында дүниеге келген. Ол Талдықорған экономикалық-технологиялық колледжін табиғат аумағын ерекше қорғау технигі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1979 жылы «Ленин жолы» совхозында жұмысшы болып бастаған. 2010 жылдан бері «Жоңғар Алатауы» МҰТП Алакөл филиалында  орманшы қызметін атқарып келеді.

Сабырбек Базаралыұлы орманшылар отбасынан шыққан, әкесі мен анасы да бүкіл өмірін орман шаруашылығына арнаған. Ол мамандық таңдауда қателеспеген, өз өмірін табиғат қорғау саласына арнаған жан. Жастайынан әкесімен іс-сапарға жиі шығып, тәжірибелі маманның ормандағы өмірі, ондағы аң-құстар туралы әңгімелерін тыңдап өскен, кейін осы салаға қызығушылығы артып, жұмыс істеуге бекінген.

Сабырбек Базаралыұлы өзінің қызметтік міндетін өте жоғары деңгейде атқарып келе жатқан азамат. Жетісу облысының үлгі тұтар орманшысы деп айтсақ, қателеспейтініміз анық. Іс жүзінде мемлекеттік орман қорының әрбір қарағайы, аумағы үшін жауап беруге дайын екенін ұдайы дәлелдеп келеді. Өз сөзінде «1979 жылдан бері қызмет етіп, қасымдағы қызметкерлерге өзімнің білгенімді үйретіп келемін. Біздің міндетіміз – Отанымыздың жасыл орманын, табиғат байлығын сақтау және қорғау ғана емес, сонымен қатар азаматтарға қоршаған ортаға ұқыпты қарауды әдетке айналдыруды үйрету. Бұл – ең қиыны. Егер сіз адамдармен жұмыс істей алмасаңыз, онда біздің мамандығымыздың құны еш болғаны. Бірақ сіз қарағайларды кесуге немесе жан-жануарды атуға ұмтылған адамды кездестірсеңіз, онда күн сайын кішігірім құқық бұзушылықтарға тап болуыңыз мүмкін. Әсіресе жаз мезгілінде өрт қауіпі артқан шақта тек арнайы белгіленген аймақтарға ғана баруға болатынын, азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет екендігін түсіндіруде талмай жұмыс атқаруыңыз қажет. Адамдардың жаман қылықтары, табиғатқа деген құрметті жоғалтады», деген еді.

Президент Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп екенін айтқан. Облыс тұрғындары негізінен қала төңірегіне шоғырланған. Ұзынағаштағы немесе Талғардағы мәселені Талдықорғанда отырып шешу оңай емес.

«Алматы облысының орталығына бару үшін халықтың босқа сабылуына тура келеді. Осы және басқа да жайттарды ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы болады», деді Мемлекет басшысы.

Бұл қадам аймақтарды дамыту ісіне тың серпін береді, сондай-ақ осы өңірлерге экономикалық әрі рухани тұрғыдан серпіліс әкелу жөніндегі бастамалары елдің арман-тілегімен үндеседі.

Әділ шешім. Бақуатты халық. Ашық қоғам. Дамыған өңір. Әділетті заң. Осының барлығы шынайы демократияның принциптері. Ал, президентіміздің жолдауында мұның барлығы қамтылды. Сондықтан мен барша қазақстандықтарды бірлікке үндеп, Президент бастамаларын қолдауға шақырамын!

Мемлекет басшысының әр сөзін мұқият тыңдап отырдым. Алған әсерді жеткізу мүмкін емес. Әсіресе Жетісу облысы құрылатынын жеткізгенде жанымдағылардың бәрі қуанды. Енді тек білек сыбана кірісіп жұмыс атқарып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту, қорғау саласында аянбай еңбек ету керек. Қазіргі уақытта елімізде қуантарлық жаңалықтардың бірі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп келеді. Осы орайда өскелең ұрпақты ерте жастан мамандыққа бейімдеу айрықша маңызға ие болып тұр. Сонымен қатар жастар өзінің болашақ кәсібін саналы түрде таңдауы керек.

Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың байлығы. Президент тапсырмасы бойынша 5 жыл ішінде орман қорына 2 млрд ағаш отырғызылады. Осыған қарап-ақ Сабырбек Базаралыұлы секілді азаматтардың еңбегі бағаланатын күн алыс еместігін түсінуге болатындай.

Ботагөз Сағынғалиева «Жоңғар Алатауы» МҰТП

экологиялық ағарту инженері