Айталық, 2020 жылы Жалаңашкөл стансасы вокзалында жолаушылар платформасы 500 метрге дейін ұзартылды. Бұл жолаушыларды отырғызу мен түсіруді ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Пойыз күтуді ыңғайлы ету үшін 9 павильон (қалқалар) орнатылды. Олар жолаушыларды күн мен қолайсыз ауа райынан қорғайды. Былтыр баспалдақ басқыштарымен, таяныштармен, ауладағы дәретханалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандустармен жабдықталды. Платформаға кеспе тастар төсеу аяқталса, оның ішінде баспалдақтардан қалқаларға дейінгі жолдар да бар. Сондай-ақ прожекторлар орнатылды.
– Сонымен қатар 2018 жылы Ақши стансасында жолаушыларға қызмет көрсету пункті бар өндірістік ғимарат салынды. Оның жалпы ауданы 264 шаршы метрден асады. Жолаушылар платформасының ұзындығы – 500 метр. 2020 жылы Көктұма ауылына қарама-қарсы стансадан 7 шақырым қашықтықта 500 метрге дейін жолаушылар платформасы ұзартылды және алты қалқа (павильон) орнатылды. Біз осы вокзалдарда жолаушылардың пойыздарды күту жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастырудамыз, – деп атап өтті «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистралды желі дирекциясы» филиалы директорының міндетін атқарушы Рамазан Садырқұлов.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы ұлттық компанияда туристік фирмалардың, қонақ үй кәсіпорындарының және жеке тасымалдаушылардың қатысуымен үш кеңес өткен болатын. Онда балалар билеттері мен топтық сатып алуларды қоса алғанда, жол жүру құжаттарын сатып алу бойынша мәселелердің дені шешімін тапты. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2022 жылдың жазғы кезеңіне жазғы тасымалдарды қамтамасыз ету жоспары әзірленді және бекітілді. Мәселен, сәуір айында туристік нарық қатысушыларын қоса алғанда, барлық қатысы бар құрылымдар шақырылған кеңес өтеді.
2021 жылдың жаз мезгілінде Алакөл бағытында 182 мың жолаушы тасымалданды. Биыл пойыздардың қатынау мерзімділігі сақталады. Бұл ретте ұсынылған орындар саны өткен жылмен салыстырғанда 11 мыңға артады деп жоспарлануда. Биыл демалыс маусымында Алакөл бағытында барлығы 11 жолаушылар пойызы қатынайды, оның ішінде:
Нұр-Сұлтаннан:
– №54/53 «Нұр-Сұлтан НЖ-Достық», тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 2 рет қатынайды);
– №258/257 «Нұр-Сұлтан-1-Достық», тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 2 рет қатынайды);
– №122/6942/6941/121 «Нұр-Сұлтан-1-Достық» пойыздары құрамындағы жолда кідірмейтін вагондар, тасымалдаушы «АрайТрансKZ» ЖШС (жұп күндері).
Алматыдан:
– №221/222 Тальго «Алматы-2-Достық», тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 2 рет қатынайтын болады);
– №211/212 «Алматы-2-Достық», тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (аптасына 2 рет қатынайтын болады);
– №22/6941/6942/21 «Алматы-2-Достық» пойыздар құрамындағы жолда кідірмейтін вагондар «Жолаушылар тасымалы» АҚ (жұп күндері);
– №137/138 «Алматы-Достық», тасымалдаушы Vagon Service Almaty ЖШС (аптасына 3 рет қатынайтын болады);
– №453/454 «Алматы-2-Достық» тасымалдаушы «Тұран Экспресс» ӨК ЖШС (аптасына 3 рет қатынайтын болады).
Шығыс Қазақстан облысынан:
– №457/458 «Семей-Достық», тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (тақ күндері);
– №459/460 «Өскемен-Достық», тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (тақ күндері);
– №6941/6942 «Ақтоғай-Достық», тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (күн сайын қатынайтын болады).