Оқиға • 25 Наурыз, 2022

ҚТЖ қаражатын жымқырған кәсіпкер сотталды

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрылыс компаниясының басшысы теміржол жолдарының қоршауын салуға арналған 57 миллион теңгені жымқырғаны үшін 6 жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚТЖ қаражатын жымқырған кәсіпкер сотталды

Қаржы мониторингі агенттігі «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысының алаяқтық дерегі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады.

«2015 жылдан 2019 жылға дейін Қарағанды магистральдық желі бөлімшесінің станцияларында жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Құдайқұлов А.Б «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жалпы сомасы 57 миллион теңгеден астам ақша қаражатын Қарағанды магистральдық желі станцияларындағы Жолдарды қоршау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде жұмыс көлемін арттыру арқылы жымқырғаны анықталды», делінген хабарламада. 

Тергеу әрекеттері барысында бюджетке келтірілген залал толығымен өтелді. Сот үкімімен Құдайқұлов 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.